Алматыда ағаш құлап көлікті талқандады

0
790

Көлік иесі ағаш құлаған сәтте досы екеуінің мәшиненің ішінде болмағанына тәубе деп отыр.


Алматыда ағаш құлап көлікті талқандады

ERNUR.KZ. Алматыда ағаштың құлаған бұтағы біреудің минивенін талқандады, деп жазады Zakon.kz.

Оқиға Абай даңғылында, Назарбаевтың батыс жағында болған.

Mitsubishi Chariot иесі көлігін Абай даңғылының бойына қаңтарып, қасындағы досымен бірге Байсейітова көшесіндегі үйге беттеген. Сол кезде гүрс еткен дыбысты естісе де, оған мән бермепті. Үйге кіргеннен кейін досы терезеден көлік үстіне ағаш құлағанын көреді.

Көлік иесі ағаш құлаған сәтте досы екеуінің мәшиненің ішінде болмағанына тәубе деп отыр. Бұтақ оңдырмай түсіп, жүргізушінің орындығын майыстырып тастапты.

Көлік иесі әкімдік пен полицияға хабарласқанда, олардан ондай мәселелермен айналыспаймыз деген жауап алыпты.