Алматыда ағын судағы сабын көпіршіктері елдің жағасын ұстатты

0
756

Ол арада кір жуатын ұнтақтың иісі мүңкіп тұр.


Алматыда ағын судағы сабын көпіршіктері елдің жағасын ұстатты

ERNUR.KZ. Алматылықтар өзеннің сабын көпіршіктеріне бөгіп қалғанына шағымданды, деп жазады zakon.kz.

Инстаграмда өзеннің сабын көбігіне айналған видеосы пайда болды. Видео астындағы жазбада бұл "Нижняя Каменка" жақта болғаны айтылады.

Автор ашуланып, мына заман не болып кетті деп күңіренеді. Ол кір жуатын ұнтақтың иісі мүңкіп тұрғанын айтады.

Бұл видеоға пікір қалдырушылардың басым бөлігі оны әзілге айналдыруға тырысқан. Кейбіреулер бұл жерде масшатбы көлемде кір жуу процесі болғалы жатқан шығар деп қалжындап, пайым жасаған. Ал басқалары да бұған таң қалып, мұны бассыздық деп бағалаған.