​Алматыда алаяқтық жасаған дәрігер ұсталды

0
1 202

Бұл кісі 4 адамды осылай өз қармағына түсірген. Оңай ақша табу жолы арқылы ол тек қана науқастарды ғана емес, үй сатып алғысы келетін адамдарды да алдаған.


​Алматыда алаяқтық жасаған дәрігер ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы полициясы пациенттерден түскен көптеген арыз-шағымдарды тексере келе, экс-дәрігерді ұстады, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұрынғы медициналық қызметкер адамдарға емделуге квота алып беремін деп алдап, ақшаларын қолды қылған.

«34 жастағы медицина саласында қызмет ететін ер адам квота алып беремін деген уәдемен адамдардан ақша алып кеткен. Квота арқылы науқастар тегін ем қабылдай алатынын айта кету керек. Бірақ белгілі болғандай, науқастарға ол квота алуға мүмкіндік беретін нұсқаулықтар жазып бермеген. Бұл кісі 4 адамды осылай өз қармағына түсірген. Оңай ақша табу жолы арқылы ол тек қана науқастарды ғана емес, үй сатып алғысы келетін адамдарды да алдаған. Достары мен туысқандарының таныстарына үй алудың кезегін жылдамдатуға уәде еткен. Сонымен қатар, ол өзімен бірге жұмыс істеген қызметтестеріне де медициналық құрылғылар мен аппараттарды төмен бағамен сатып алуға сөз берген. Қазіргі таңда оның 13 түрлі алаяқтық қылмысқа қатысы бары анықталды. Осыған байланысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді Бостандық ауданы Полиция басқармасының басшысы Дәурен Утебаев.

Ал Полиция квота емханалар мен ауруханаларда бюджеттік қаражат арқылы жасалып, мемлекеттен тегін медициналық көмек аясында берілетінін ескертті.