Алматыда ата-аналар аттракциондардың қымбаттығына шағымданды

0
593

Саябақта бар болғаны бір сағатта ата-аналар 7-10 мың теңге жұмсайды.


Алматыда ата-аналар аттракциондардың қымбаттығына шағымданды

ERNUR.KZ. Алматыда ата-аналар аттракцион бағасының қымбаттағанына шағымданып жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Журналист ата-аналардың аттракциондар бағасының негізсіз қымбаттауы туралы шағымын нақтылау үшін Алматыдағы ең танымал аттракциондардың бірі – Орталық демалыс саябағына барған.

Журналист демалыс күні барғанына қарамастан, саябақ кассалары мен жекелеген аттракциондарда кезектердің мүлдем жоқтығына таңғалғанын атап өтті.

Ең арзан аттракцион – "Слалом" бағасы жарты минут үшін 400 теңге болған. Басқа аттракциондар 680 теңгеден 990 теңгеге дейін. Сонымен қатар, кезек болмағандықтан уақыт тезірек өтеді, саябақта бар болғаны бір сағатта ата-аналар 7-10 мың теңге жұмсайды. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға қиын болады.

Фото Татьяна


"Жалғыз қызымыз бар, саябаққа баруды сән-салтанат санаймыз. Бала кезімде ата-анаммен бірге талай аттракционға мінгенім есімде. Қазір әкелер мен аналардың көпшілігі тек қарап тұруға барады. Әрине, Алматыда ауқатты жанұялар көп, бірақ басқа балалар да өздерін кемсітпеу керек. Аттракциондар өте қымбат, бірақ саябақ шығынға жұмыс істей алмайды. Жарты шығынды қала әкімдігі өз мойнына алып, барлық кішкентай алматылықтар мен қала қонақтары саябаққа барса, жақсы болар еді!", - дейді оңтүстік астананың тұрғыны Ақмарал Бекеева.

Тіпті кішкентайларға арналған алаңның өзі 10 минутқа 700 теңге тұрады. Саябақ арқылы балалар көлігімен жүру 1000 теңге тұрады.