Алматыда атасы немересін аяусыз ұрып-соққан

0
2 477

Оқиға 15 ақпанда болған. 10 жастағы баланың анасы полицияға 6 наурызда ғана жүгінді.


Алматыда атасы немересін аяусыз ұрып-соққан

ERNUR.KZ. Алматыда атасы немересін аяусыз ұрып-соққан. Бұл туралы ақпаратты "НеМолчи" қозғалысының жетекшісі Дина Смаилова жариялады, деп жазады Stan.kz.

Дина Смаилова атасы немересін аяусыз ұрып жатқаны түсірілген видеоны желіге жүктеді.

Ер адам алдымен диванда, содан кейін еденінде жатқан баланың бетінен ұрады. Бүлдіршін: "Көмектесіңдер!" деп айқайлайды. Атасы жауап ретінде: "Ауызыңды жабасың ба, жоқ па" дейді. Содан кейін кадрдан әйелдің дауысы естіледі, ол баладан қан ағып жатқанына шағымданып, жедел жәрдем шақыруды сұрайды. Әйел өз кезегінде одан не үшін айқайлағанын сұрайды. Видеоны кім түсіргені белгісіз.

Алматы ПД баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оқиға 15 ақпанда болған. 10 жастағы баланың анасы полицияға 6 наурызда ғана жүгінді.

"Оқиға орнына тергеу-жедел тобы, Түрксіб ауданының учаскелік полиция қызметкерлері және әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің ювеналды полиция инспекторы барды. Ер адам сол кезде қалалық наркологиялық диспансерде мәжбүрлеп емдеуде болған. Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабының 1-бөлігі, "ұрып-соғу" фактісі бойынша материалдар жиналды. Балаға келтірілген дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама оның денсаулығына жеңіл зиян келтіргенін көрсетті. Материал мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының өндірісінде. Жақын арада шешім қабылданады", - деп хабарлады полицияда.

Әйелдің үш кәмелетке толмаған баласы бар екені белгілі. Ажырасқаннан кейін ол ата-анасымен бірге тұрған. Қазір туыстарымен бірге тұрады.