Алматыда автобус манипуляторға соғылып, төрт адам жапа шекті

0
840

Жол көлік оқиғасы Шаңырық шағын ауданында орын алған.


Алматыда автобус манипуляторға соғылып, төрт адам жапа шекті

ERNUR.KZ. Алматыда №102 жолаушылар автобусы манипуляторға соғылып, төрт адам зардап шекті, деп жазады ҚазАқпарат.

Жол көлік оқиғасы Шаңырық шағын ауданында, Карқара көшесінде болды. «Foton» манипуляторы автобус бағыт алған көшенің бойында тұрды.

«1 тамыз күні сағат 17:30 шамасында «Исузу» маркалы автобус Каркара көшесімен келе жатып, Жиделі көшесінің қиылысында «Фотон» көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан автобустың 4 жолаушысы зардап шекті», - деп хабарлады Алматы жол полициясы.