​Алматыда автобус отқа оранды (видео)

0
1 099

Алматыда №137 автобус өртенді.


​Алматыда автобус отқа оранды (видео)

сурет:prospekt.media

ERNUR.KZ. Алматыда №137 автобус өртенді. Оқыс оқиға туралы қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.


видео:kris_p_almaty

Өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне таңертең сағат 9.21-де Шұғыла шағын ауданында Нұрлы және Сәбденов көшелерінің қиылысында автобус өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен. Белгілі болғандай, №137 бағдардағы автобустың артқы дөңгелегі жана бастаған. Өрт 9:39-да ауыздықталып, 09:59-да сөндірілді. Тілсіз жау 20 метр аумақты шарпыды. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.