Алматыда автобус пен КамАЗ соқтығысып, 7 адам ауруханаға түсті

0
693

Автобус жүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған.


Алматыда автобус пен КамАЗ соқтығысып, 7 адам ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Алматыда автобус пен КамАЗ соқтығысып, 7 адам жарақат алды. Жол апаты Түрксіб ауданына қарасты Шоссейная және Боралдай көшесінің қиылысқан жерінде таңғы 9:35-те болды, деп жазады ҚазАқпарат.

«FAW маркалы автобусы Шоссейная көшесімен оңтүстікке бағыт алып келе жатып, қосалқы көшеден басты көшеге жан-жағына қарамай шығып кеткен. Автобус жүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзды. Соның кесірінен ол КамАЗ жүк көлігімен соқтығысты», - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жол апатынан 7 адам жапа шекті. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.

«Бұл дерекке қатысты Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу басқармасының мамандары ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс тіркеді. Сот медициналық және автотехникалық сараптама тағайындалды. Жолаушылардың денсаулығына келтірілген зақым бағаланады. Содан соң іс материалдары сотқа жіберілетін болады», - деді Салтанат Әзірбек.