Алматыда автобус жүргізушісі мен жолаушының жаға жыртысқан бейнежазбасы желіде таралды (видео)

0
586

Жүргізуші автобустан қолына зат алып, оны үркітті, содан соң жолаушы қашып кетті.


Алматыда автобус жүргізушісі мен жолаушының жаға жыртысқан бейнежазбасы желіде таралды (видео)

ERNUR.KZ. Алматыда аялдамада автобус жүргізушісі мен жолаушы жұдырықтасқан, деп жазады stan.kz.

Әлеуметтік желіде аялдама кезінде төбелескен жолаушы мен автобус жүргізушісінің бейнежазбасы таралды. Екеуі жанжалдасып, содан кейін жолаушы жүргізушіге шабуыл жасаған.

Жүргізуші автобустан қолына зат алып, оны үркітті, содан соң жолаушы қашып кетті. Оның артынан жүргізуші де автобусты тастап, қашып кетті.

Оқиғаға қатысты полиция департаменті пікір білдірді.

"Аталған факт бойынша Медеу ауданының полиция бөлімі тексеру жүргізуде. Жанжалдың мән-жайы белгіленеді. ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады", – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.