Алматыда автобус жүргізушісі намаз оқығаны үшін жұмыстан шығып қалды (видео)

0
922

Көлігі бұзылып қалған соң, мешітке жұма намазына кіріп шыққан.


Алматыда автобус жүргізушісі намаз оқығаны үшін жұмыстан шығып қалды (видео)

ERNUR.KZ. Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісі жұмыс күнінде мешіт маңына тоқтап, намаз оқуға кеткен, деп жазады Zakon.kz.

Осындай сипаттағы видео "Азаматтық патруль" арнасында жарияланды.

Жүргізуші автобустың бұзылып қалғанын айтады.

"Көлік ақыры істен шыққан екен, онда мешітке жұма намазына кіріп-шығайын деп ұйғардым", - дейді ол. Алайда, видеоны түсірушілер оған мұндай жағдайда автобус паркіне ескерту жасап, ал көліктің маңына арнайы белгі қою керектігін ескертті.

Жолаушылар тасымалымен айналысатын компания болса, бұл жүргізушінің жұмыстан шығарылғанын айтты.


Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет