Алматыда автобус жүргізушісін ұрған ер адамды куәгерлер ұстап қалған: видео пайда болды

0
963

Кадрларда жүргізушіні ұрған ер адам жол апаты болған жерден қалай қашпақ болғаны көрсетілген.


Алматыда автобус жүргізушісін ұрған ер адамды куәгерлер ұстап қалған: видео пайда болды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адамның ұсталған сәті түсірілген видео пайда болды, деп жазады tengrinews.kz.

Кадрларда жүргізушіні ұрған ер адам жол апаты болған жерден қалай қашпақ болғаны көрсетілген. Оны куәгерлер ұстап қалған.

Назар аударыңыз! Видеода дөрекі сөздер айтылған.

Еске салайық, бұған дейін сот автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адамды екі айға қамауға алған болатын.

Қайғылы оқиға 22 желтоқсанда болған. Автобус №7 қалалық аурухана қарсысындағы аялдамада жиналған адамдарды қағып кетті. Жанжал кезінде 47-бағыттағы автобус жолаушысы жүргізуші әйелді ұрып жіберген. Ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалған. Автобус аялдама маңындағы адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан.