Алматыда автобуста бұрынғы әйелін пышықтаған ер адам екі айға қамауға алынды

0
214

Бастапқыда күдікті сот шешімі бойынша 15 тәулікке ғана қамауға алынған еді.


Алматыда автобуста бұрынғы әйелін пышықтаған ер адам екі айға қамауға алынды

ERNUR.KZ. Алматыда автобуста бұрынғы әйеліне пышақ сұққан күдікті екі айға қамалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

"10 тамызда Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні 2 айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ”,- деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, өткен аптада ер адам қоғамдық көлікте бұрынғы әйелін пышақтап өлтірмек болған. Бастапқыда сот шешімі бойынша оның небәрі 15 тәулікке қамауға алынғаны жұртшылықтың наразылығын тудырған.