Алматыда аялдамадағы адамдарды басып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты

0
670

Қайғылы оқиға 2019 жылдың 16 наурызында орын алған.


Алматыда аялдамадағы адамдарды басып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Алматыда аялдамада тұрған адамдарды қағып өлтірген жүргізушіге қатысты үкім шығарылды, деп жазады Polisia.kz.

Бір жыл бұрын 2019 жылдың 16 наурызында А.А.Типикин өзінің «Тойота Королла» маркалы автокөлігімен көлік құралын жүргізу құқығынан айырылса да үйден шығып, мұндай сапардың қайғылы аяқталуы мүмкін екендігін ойламады.


«Бұл қылмыскер, оны тек осылай атауға болады, бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін Алматы облысында жүргізуші куәлігінен айырылған, ол сонда да рөлге отырып, көшеге шыққан. Жолда басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген ол Тәтібеков көшесімен шығысқа бет алған. Мас күйінде бірінші қатардан екінші қатарға қысқа қашықтықта маневр жасап, «Пежо» көлігімен соқтығысады. Типкиннің көлігі соққыдан өз траекториясын өзгертіп, аялдамаға кіріп, үш жаяу жүргіншіні басып кетеді. Сол екпінмен барып жеке үйдің қоршауына соғылады. Оқиға күндізгі сағат 12: 30-да болған», – деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының жол-көлік оқиғасын тергеу бөлімі Рауан Манап.


Осы жол-көлік оқиғасының салдарынан 1988 жылы туған Г. және 1978 жылы туған А. есімді тұрғындар қаза болды. Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 4 қыркүйектегі шешімімен А. Типикин мырза ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 5-бөлігі бойынша айыпты деп танылды. Оған 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы және 10 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.


«Қазіргі уақытта сотталған Т. есімді ер адам жазасын орташа қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп жатыр. Биыл жоғарыда аталған баптың санкциясы күшейтілгенін атап өткен жөн», – деп толықтырды Рауан Манап.