Алматыда балаларды тонайтын ер адам ұсталды

0
368

Ұсталған адам уақытша ұстау изольяторына қамалды.


Алматыда балаларды тонайтын ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда балалардың қолындағы телефонды тартып әкететін адам ұсталды, деп жазады zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, 22 жастағы Н. деген азамат құрбаны ретінде жас балаларды таңдаған, ал ұрлықтың объектісі ұялы телефон болған. Ол кәмелетке толмаған баланың қасына келіп, әңгіме бастап, қоңырау шалу үшін телефонын бере тұруды сұрайды, содан кейін, әрине тайып тұратын болған.

"Қолынан телефонды жұлып алып қашқан сәттер де болған. Бірақ барлық жағдайда күдікті балалармен, дәлірек айтқанда 12-ден 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерді алдымен сөзге тартқан. Бұрын сотталмаған жас жігіт өзінің іс-әрекетін қаржылық қиыншылыққа тап болуымен түсіндірді", - деді Наурызбай аудандық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Дидар Аханов.

Ұсталған адам уақытша ұстау изольяторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.