Алматыда бейбіт митинг өткізетін екі орын белгіленеді

0
871

Қоғамдық талқылау 8 қазанға дейін жалғасады.


Алматыда бейбіт митинг өткізетін екі орын белгіленеді

Иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Электрондық үкімет порталында Алматы қаласы мәслихатының «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар тәртібін қосымша реттеу туралы» шешімінің жобасы жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қоғамдық талқылау 8 қазанға дейін жалғасады.

Құжатта айтылғандай, VI шақырылымдағы Алматы қаласының мәслихаты: 1) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін; 2) жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізілетін орындарды бекіту туралы шешім қабылдады.

Осылайша, жиналыстар, митингілер, пикеттер, шерулер мен демонстрациялар үшін екі орын белгіленді, олар: «Сары Арқа» кинотеатрының артындағы алаң (4-шағын аудан) және «Южный» саябағы (Жароков көшесі, Хожанов көшесінің бұрышы).

Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялардың 18 пункттен тұратын өткізу тәртібі де анықталған. Ол туралы мына сілтемеден толығырақ білуге болады.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы рұқсат етілген митингтерге арналған орын саны көбейеді деп мәлімдеген болатын. Әкім «Сарыарқа» кинотеатрының алдындағы алаңнан басқа азаматтардың бейбіт жиналысын өткізетін тағы бір орынды анықтау туралы өтінішпен мәслихатқа жүгінуге уәде берген еді.