Алматыда бір айда 7000-нан астам жер дүмпуі тіркелді

0
559

Жер асты дүмпуі әлі тіркеліп жатыр.


Алматыда бір айда 7000-нан астам жер дүмпуі тіркелді

ERNUR.KZ. Қазақстандық сейсмологтар Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған күшті жер сілкінісінен бері 7400-ден астам жер сілкінісін тіркеді, деп жазады inform.kz.

Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсенбаевтың айтуынша, жер асты дүмпуі әлі тіркеліп жатыр.

«23 қаңтар күні Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған күшті жер сілкінісінен бері 7406 жер сілкінісін тіркеді. Алматылықтар оның 16-ын сезді», - деді Дәулет Сәрсенбаев.

Бүгін түнде Алматыда жер сілкінді, тұрғындарға 2 балл көлемінде сезілді.

Бұған дейін сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы биыл Қазақстан аумағында жойқын жер сілкінісі болмайтынын жеткізген еді.