Алматыда бойжеткеннің желідегі жазбасынан соң ұстаз жұмысынан қуылды

0
776

Бұл оқиғаны құқық орғау органы тексеріп жатыр.


Алматыда бойжеткеннің желідегі жазбасынан соң ұстаз жұмысынан қуылды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желідегі бойжеткеннің жазбасынан соң "Тұран" университетінің оқытушысы Хаджиев А.Х жұмысынан шеттетілді. Бұл туралы университет әкімшілігі Instagram-да хабар таратты, деп жазады Zakon.kz.

Қыздың айтуынша, ер мұғалім көшенің қақ ортасында оның құрбысын бас салған. Оқыс оқиға 28 тамызда Сәтпаев көшесі бойында орын алған. Қыз құрбысымен жолдың арғы жағындағы асханаға бет алған.

"Әлгі адам бізге қарама-қарсы келе жатты, бір уақытта жүгіріп келіп, себепсізден-себепсіз оның аяғынан бір теуіп, жерге құлатты. Ол оңбай асфальтқа бетпен түсті. Содан соң әлгі кісі қаша жөнелді. Құбымның бет-аузынан түк жоқ, үсті-басы қан-қан. Иегі, еріні жырылған, алдыңғы бір тісі түбімен түсіп қалған. Тізесі жараланды, сол аяғын шығарып алыпты. Бұдан бөлек электронды гаджеті сынған қолындағы. Құдай сақтап, осы оқиғаға куә болған екі адам әлгі кісіні қуып жетіп, алдымызға алып келді. Ол қызды ұрмағанын айтып бет бақтырмаса, тағы бірінде кешірім сұраумен болды. Бірақ сол оқиғаға куә адамдар бар.

Политехникалық университеттің оқытушылары сол маңда бола қалғаны қандай жақсы болды. Солар оны ұстап алды. Жедел жәрдем көлігі мен полиция келгенше қасымызда болды", - дейді жәбірленуші құрбысының сөзін келтірген қыз.

Университет басшылығы қазіргі уақытта оқиғаны мән-жайы анықталып жатқанын жеткізеді. Құқық қорғау органдары бұл істі тергеуде екен. Солардың қорытындысы бойынша бұл оқиғаға қатысты мәлімет кейіннен жарияланатын болады.

Университетте қазір мұғалімнің бұл дөрекі ісін тәртіптік комиссия қарап жатыр. Университет басшылығы зардап шеккен студенттің ата-анасымен хабарласып, оқиғаға қатысты өз позициясын білдірді және А. Хаджиевке қатысты қабылданған шаралар туралы хабарлады.