Алматыда бүлікке қатысты деген күдікпен 2402 адам ұсталды

0
625

Алматыда терроризмге қарсы операция басталғалы бері 2402 адам ұсталды.


Алматыда бүлікке қатысты деген күдікпен 2402 адам ұсталды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Комендатура мәліметінше, арнайы операция барысында Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2402 қатысушысы ұсталды. 79 бірлік атыс қаруы мен 3976 оқ-дәрі тәркіленді.

«Өткен тәуілікте «102» пультіне 586 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 93 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді»,- дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар, ол тұрғындарды коменданттық сағатты бұзбауға шақырды.