Алматыда екі баланы туған әкесі өлтірді – оқиғаның мән-жайын әжесі айтып берді

0
520

Қаскүнем соңғы бір жылға жуық жұмыс істемеген. Әйелін аңдып, қызғанумен болған.


Алматыда екі баланы туған әкесі өлтірді – оқиғаның мән-жайын әжесі айтып берді

ERNUR.KZ. Алматыда ер адам балаларын аяусыз өлтірді. Оқиғаның қалай болғанын балалардың нағашы әжесі Татьяна Негрей, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Жантүршігерлік оқиға 4 қаңтарда болған. 17 жыл отасып, бірге тұрған ерлі-зайыпты қызғаныштың салдарынан екі баласынан айырылды. Балалардың үлкені 12, кішісі 9 жаста болған.
"Күйеу балам үйге келіп, емханаға тексертемін деп балаларды алып кетті. Алмалы ауданында бір пәтерді алдын жалға алып, сол жерде екеуін де өлтірген. Қызыма СМС хабарлама жіберген. Сосын күйеу балам өзінің бауырына өлтірген фотосын жіберген. Кіші ұлды өлтіріп жатқанда үлкен ұл балконға қашып шығып, айқайлап көмек сұраған", - дейді Татьяна Негрей.
Оның айтуынша, балалардың денесінің сау жері жоқ.
"Кіші жиенімнің аузынан құлағына дейін тіліп тастаған. Балалардың тамағынан да орып жіберген болуы керек, біз көргенде шүберекпен жабылып тұрды. Жалға алған пәтердің іші қан-жоса. Сосын еркек өзін өлтірмек болған", - дейді Татьяна Негрей.
Балалардың әкесі соңғы бір жылға жуық жұмыс істемеген. Әйелін аңдып, қызғанумен болған. Тіпті үйге бейнекамера да қойып тастаған. Шаңырақтың берекесі кетіп, ұрыс-керіс жиі болған көрінеді. Оны үй иелері де мойындап отыр.
"Ол үлкен баласын жақсы көрді, бірақ екіншісін ұнатпайтын. Басқа біреуден тапқансың дейтін. Сол үшін де жиі ұрыс-керіс болатын", - дейді балалардың нағашы әжесі.
Екі жеткіншек Алматыдағы №32 мектепте білім алған.
"Бұл факт бойынша Алмалы ауданының полиция басқармасы қылмыстық істі тергеп жатыр. Сараптама жасалады. Тергеу нәтижесіне қарай күдікті тиісті жазасын алады", - дейді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.