Алматыда екі шопыр қыз оңбай қырқысып қалды

0
909

Ашулы жүргізуші қыздың бірі автокөліктің терезесін өрт сөндіргіш құралымен ұрып сындырған.


Алматыда екі шопыр қыз оңбай қырқысып қалды

ERNUR.KZ. Алматыда көлікпен жүрген екі жүргізуші әйелдің бұл кикілжіңіне не себеп болғаны белгісіз, деп жазады zakon.kz.

Белгілісі – бірі өшін бірінің көлігінен алған екен.


Ал ҚазАқпарат тілшісі оқиғаның 22 қазан күні Алматы қаласының Әуезов ауданында орын алғанын жазады.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта бұл факт Әуезов ауданының полиция басқармасында ҚРҚК 293-бабының 1-бөлімі бойынша тергелу үстінде.

«Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталып, құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар, тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалады»,- деді департамент.

Автокөліктің терезесін шаққан әйелдің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.