Алматыда экс-полицейлер медқызметкеріне қол жұмсады (видео)

0
573

Видео әлеуметтік желілерде пайда болды.


Алматыда экс-полицейлер медқызметкеріне қол жұмсады (видео)

ERNUR.KZ. Алматыда бұрынғы полиция қызметкерлері медицина маманына қол жұмсады, деп жазады ҚазАқпарат.


Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факт Наурызбай ауданының полиция басқармасының өндірісінде.


«Әлеуметтік желіде пайда болған тұлғалар анықталып, қамауға алынды. Алайда медицина қызметкері олардың үстінен шағым түсіруден бас тартты. Ол қол жұмсаған бұзақыларға кешірім берген», - деп түсіндірді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Өз кезегінде, айыпталушылардың бірі болған оқиға үшін кешірім сұрап, полицияда ешқашан жұмыс істемегенін айтқан.