Алматыда электронды казино қожайыны сотталды – видео

0
583

Ресми мәліметке сәйкес, 28 жастағы В. Зайцев бұған дейін тура сондай қылмыс үшін сотталған болатын.


Алматыда электронды казино қожайыны сотталды – видео

ERNUR.KZ. Алматыда заңсыз электронды казино ашқан ер адам төрт жылға сотталды, деп жазады sputnik.kz.



Ресми мәліметке сәйкес, 28 жастағы В. Зайцев бұған дейін тура сондай қылмыс үшін сотталған болатын. Бірақ дұрыс жолға түскен жоқ.

"Ол "X.O. CLUB" деп аталатын ойын-сауық мекемесін ашқан. Сол жерде электронды казино ұйымдастырып, 25 миллион теңге көлемінде пайда тапқан", - делінген ресми хабарламада.

Тінту кезінде заңсыз ойын қосымшалары жүктелген 46 компьютер тәркіленді. Сол арқылы ақша қабылданып, ұтыстар аударылып отырған.