​Алматыда еліміздің ең үздік велоспортшылары сынға түседі

0
1 068

Бүгін Алматыда жылдың спорттық күнтізбесіндегі ең айтулы додалардың бірі – велоспорттан Қазақстан Республикасының Ұлттық біріншілігі басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ .


​Алматыда еліміздің ең үздік велоспортшылары сынға түседі

фото roadbikeaction.com

ERNUR.KZ.Бүгін Алматыда жылдың спорттық күнтізбесіндегі ең айтулы додалардың бірі – велоспорттан Қазақстан Республикасының Ұлттық біріншілігі басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, биылғы чемпионат бұрынғыдан өзгерек болмақ. Жарысты ұйымдастырушылар біріншілік аясын кеңейтіп, көрерменге де қызықты болудың жолын ойластырған. Велоспортшылар жарысы жылдағы дәстүр бойынша индустриялық аймақ территориясында өтеді.

Ұлттық чемпионаттың ақ жейдесін киюге «Astana» командасының спортшылары түгелдей таласпақшы. Олардың қатарында Алексей Луценко, Жандос Бижігітов, Андрей Зейц, Бахтияр Қожатаев, Даниил Фоминых, Никита Стальнов, Руслан Тілеубаев, Артем Захаров және Евгений Гидич пен ұлттық құраманың өзге де мүшелері бар.

Чемпионаттың ресми түрде ашылуы бүгін өтеді, ал ертең қатысушылар жекелей сындағы чемпионды анықтайды. Қалған кезеңдерде командалық және жұптасып командалық жарысудан, сондай-ақ, топтық жарыстан жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімі белгілі болады.