Алматыда емхана алдындағы ұзын-сонар кезек видеоға түсірілді

0
637

Әлеуметтік желілерде №7 емханаға кірер алдында түсірілген видео тарады.


Алматыда емхана алдындағы ұзын-сонар кезек видеоға түсірілді

ERNUR.KZ. Алматыдағы №7 МҚК жанындағы емханадағы науқастардың кезекте тұрғаны видеоға түсірілді. Олар дәрігердің қабылдауына кіре алмай жатқанына шағымданған, деп жазады Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде №7 емханаға кірер алдында түсірілген видео тарады. Кадрларда медициналық ұйымның кіреберісінде тұрған ондаған адам көрінеді. Келушілердің бірі аурухана қызметкерлеріне айғайлайды.

"8.00-ге кіру үшін таңертеңгі сағат 7.00-ден бастап кезекте тұр, бірақ бәрібір кірмейді. Медициналық қызметкерлер айғайлап жүр. Ауруханаларда тәртіпті келтіру бойынша шаралар қабылдауды сұраймыз", - деп жазды ролик авторы.

Емахананың баспасөз қызметінің өкілдері медициналық ұйымның сағат 8.00-ден бастап істейтінін және дәрігерге алдын ала жазылу керегін айтады.

"Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында емханаға кірер алдында дезинфекциялау жұмыстарын жүргіземіз.
Қызметкерлер келушілерге әлеуметтік қашықты сақтау туралы үнемі ескертеді бірақ бәрі бірдей бұл талапты тыңдамайды. Осы жағдайды пайдалана отырып, емхана әкімшілігі өз пациенттерінен санитарлық нормаларды сақтауын сұрайды", - деді №7 емхананың баспасөз қызметіндегілер.