Алматыда эпидемиолог мамандар жетіспейді - Жандарбек Бекшин

0
637

Маман тапшылығының себебі – жалақының төмендігі.


Алматыда эпидемиолог мамандар жетіспейді - Жандарбек Бекшин

ERNUR.KZ. Алматыда эпидемиологтер жеткіліксіз. Бұның негізгі себебін қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

"Қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің штаттық бірілігіне сәйкес, 88 эпидемиолог болуы керек. Қазір 80 маман бар. Біреу декреттік демалыста, 15-ке жуық қызметкер облыста тұрады. Карантинге байланысты Алматыға кіре алмайды. Қаланы эпидемиологтармен толық қамтамасыз ету үшін бізге шамамен 40 қосымша бірлік қажет. Әрине, біз зейнеткерлікке шыққан әріптестерімізді тарта алмаймыз, өйткені 63 жастан асқан адамдар вирус ошағында жұмыс істей алмайды", - дейді Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол эпидемиолог мамандарды даярлау мәселесі өте маңызды екенін атап өтті.

«Маман тапшылығының себебі – жалақының төмендігі. Жоғары білікті, тәжірибесі мол эпидемиологтің еңбекақысы 100-130 мың теңге аралығында. Ал, жас маманың жалақысы 70-80 мың теңге. Әрине, әлеуметтік көмек болмаған соң көптеген жастар эпидемиолог мамандығын таңдамайды. Қазіргі уақытта бізде мамандандырылған эпидемиологтерді даярлау мәселесі өткір тұр, өйткені олар денсаулық сақтау факультеттерінде аз сағаттық жүктемеде дайындалады», - деп толықтырды Жандарбек Бекшин.

Сондықтан, ол осы кадрлардың біліктілігін арттыру үшін ғылыми орталықтарды қалпына келтіру қажет екендігін тілге тиек етті.