Алматыда ер адам балалар алаңқайында асылып қалды

0
1 275

Полиция қызметкерлері оның қайтыс болардан алдын жазып қалдырған хатын тапты.


Алматыда ер адам балалар алаңқайында асылып қалды

ERNUR.KZ. Алматыдағы Үлкен Алматы өзенінің бойындағы балаларға арналған алаңқайда 55 жастағы ер адам асылып көз жұмды, деп жазады Zakon.kz.

21 мамыр күні әлеуметтік желілерде қала тұрғындарының сүйікті демалыс орынына айналған Үлкен Алматы өзенінің бойында ер адамның асылып қалғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға жайлы басқа ешқандай мәлімет айтылмаған.


Zakon.kz тілшісі ресми мәлімет алу үшін Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сұрау жолдады. Ведомство өкілдері аталған ақпаратты растады.

- Аталған дерек 2019 жылы 20 мамыр күні Алматының Бостандық ауданында тіркелді. 1964 жылы туған ер адам өз өміріне қол салу нәтижесінде қаза тапқан. Оның өлерінен алдын жазып қалдырған хаты табылды. Мұндай жағдайға не себеп болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.