Алматыда ер адамның көз алмасына темір кіріп кетті

0
493

Дәрігерлер көздің ішіндегі бөгде затты шығарып алу үшін операция жасады.


Алматыда ер адамның көз алмасына темір кіріп кетті

ERNUR.KZ. Алматылық көз дәрігерлері жас жігіттің көзіне кірген металл сынығын алып тастап, көздің көру қабілетін сақтап қалды, деп жазады inform.kz.

Орталық қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне көз алмасының жарақатымен түскен науқастың айтуынша, жиһазға арналған құрылғының темірі көзіне үй жағдайында кіріп кеткен.

Офтольмология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Абдраимова, мұндай жарақат көз алмасының жыртылуына, көз линзасының ығысуына, катаракта, глаукома, көздің шыны тәріздес қабатына қан жиналуы немесе тордың зақымдалуына әкелуі мүмкін.

Дәрігерлер көздің ішіндегі бөгде затты шығарып алу үшін операция жасады.

«Ота сәтті өтті, отадан кейін науқастың көру қабілеті толықтай сақталды. Көзге кірген артық затты алып тастаған соң, біз науқас көзінің торлы қабатына лазерлік коагуляция жасадық. Себебі, отадан кейін науқаста көздің көру қабілеті төмендеп кету қаупі болды», - дейді дәрігер.

Орталық қалалық клиникалық ауруханада мұндай отаны жасау үшін заманауи құрылғылар бар, олар түрлі дәрежедегі көз ауруын емдеуде озық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.

«Көп жағдайда алып тастауды қажет ететін заттар көзге ауыл шаруашылығы, құрылыс жұмыстары, ағашпен жұмыс істеу кезінде кіреді. Сол себептен де мен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтап, қорғаныш көзілдірігін киюді ұсынамын», - деді офтольмолог.