Алматыда еш құжатсыз Subaru мініп жүрген нашақор ұсталды

0
1 040

Полицейлерге бұл жүргізуші тым күдікті көрінген.


Алматыда еш құжатсыз Subaru мініп жүрген нашақор ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда есірткінің буына елтіп, қала көшелерінде еш құжатсыз көлікпен жүрген жігіт ұсталды, деп жазады Zakon.kz.

Тимирязев пен Розыбакиев көшелерінің қиылысында полицейлер Subaru жүргізушісін тоқтатқан. Жас жігіттің жүргізуші куәлігі жоқ, не көліктің ешбір құжаты жоқ. Жүргізушінің жүріс-тұрысы да күдік туғызды.

– Медициналық сараптама анықтағандай, жүргізуші есірткі заттар қолданған болып шықты. Жас жігіт бір апта бұрын аса күшті және әсері ұзақ сақталатын "трамадол" деген есірткі затын қолданғанын айтты, – деді жол-патруль полкінің командирі Манап Саттаров.

1997 жылы туған жүргізушіге қатысты ҚР ӘК 608 бабы, 1 бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Оның көлігі айып тұрағына кетті.