Алматыда эвакуатор полиция көлігін алып кетті

0
1 071

Алматы ІІД өкілдері көліктің қалалық ЖПҚ жол-патрульдік полициясына тиесілі екенін мәлімдеді.


Алматыда эвакуатор полиция көлігін алып кетті

фото: tengrinews.kz

Желіде жаңа маневрлі эвакутордың полиция көлігін алып бара жатқанының видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео Алматыда түсірілген, полиция көлігін шығыс айналма жолымен әкетіп барады. Көліктің алдын ғана көтеріп, сүйреп кетіп бара жатыр. Алматы ІІД өкілдері көліктің қалалық ЖПҚ жол-патрульдік полициясына тиесілі екенін мәлімдеді. "Техникалық ақаулығына байланысты тасымал жасалды. Тимирязев және Байтұрсынұлындағы ЖПҚ ғимаратынан Рысқұлов-Жансүгіровтегі ІІД автошаруашылғына тасымалданды", - дейді полицейлер.