Алматыда фаркомпанияның менеджерін пышақтаған қарақшылар ұсталды

0
105

Жедел іздестіру шаралары нәтижиесінде күдіктілер ұсталып, қамауға алынған.


Алматыда фаркомпанияның менеджерін пышақтаған қарақшылар ұсталды

ERNUR.KZ. Алматылық полицейлер дәрі-дәрмек сататын фирма менеджеріне қарақшылық шабуыл жасаған екі ер адамды ұстады, деп жазады ҚазАқпарат.

«5 тамыз күні түстен кейін, 29 және 22 жастағы екі адам кеңсе меңгерушісіне қарақшылық шабуыл жасады. Олар электрошокер мен пышақты қолдану арқылы жәбірленушінің сөмкесін қолды еткен. Онда 500 мың теңге, ұялы телефон, әмиян мен көзілдірік болған. Фармацевт компаниясының қызметкері қарақшыларға қарсылық білдірген. Салдарынан пышақ жарақатын алған. Ұрылар жәбірленушінің қолын телефон кабелімен байлап, тастап кеткен. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы оны ауруханаға жеткізді. Оған «сол жақ жаңбасының сұғылып-кесілген жарақаты, бел аймағының терең тимеген сұғылып-кесілген жарақаты» диагнозы қойылды», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Абзал Тұрғаналы.

Тергеушілер күдіктілердің қашқан жолын бірден анықтап, олар отырған таксиді тапты.

«Жедел іздестіру шаралары нәтижиесінде күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Олар Алматы және Жамбыл облыстарының тумалары, 1990 және 1997 жылғы азаматтар. Сотқа дейінгі тергеу барысында қаскөйлердің жасаған қылмысының мән-жайы анықталып, олардың басқа да заңсыз әрекеттерге қатысының бар-жоғы тексерілетін болады», - деді подполковник Абзал Тұрғаналы.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет