Алматыда әйелді екі баласымен бірге өлтірген күдікті ұсталды

0
2 336


Алматыда әйелді екі баласымен бірге өлтірген күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Полиция қызметкерлері анасын және оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірген күдіктіні қолға түсірді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 41жастағы Алматы қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Аталған дерек Іле аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 99-бабы 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде», - деді Алматы облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.Ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Күдікті қылмыстың ізін жасыру мақсатында үйді өртеп жіберген», - деп атап өтті Б. Әленов.Еске салайық, 14 қыркүйек күні Алматы облысы Іле ауданының Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар К. есімді азаматша мен оның екі баласының мәйіті табылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.