Алматыда футбол жанкүйерлері жанжал шығарды

0
390

Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.


Алматыда футбол жанкүйерлері жанжал шығарды

ERNUR.KZ. Алматыда Орталық стадионда өткен жергілікті «Қайрат» және «Ақтөбе» командалары арасындағы футбол матчы жаппай тәртіпсіздікпен аяқталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Бейнежазбадан тәртіп сақшылары футбол жанкүйерлерін ұстап жатқаны көрінеді.

Алматы қалалық Полиция департаменті орталық стадионда футбол ойыны кезінде тәртіпті алдыңғы саптағы бөлімшелер мен полицияның біріктірілген жасақтарының қызметкерлері қамтамасыз еткенін мәлімдеді.

«Қоғамдық тәртіпті одан әрі бұзудың алдын алу мақсатында командалардың жанкүйерлерімен құқықтық түсіндірме жүргізілді»,- деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік алматылық «Қайрат» футбол клубы «Ақтөбе» командасын 2:1 есебімен жеңді.

Еске салайық, осыдан екі ай бұрын Алматыда 14 наурыз күні «Қайрат» пен «Каспий» арасындағы футбол матчы төбелеспен аяқталған болатын.