Алматыда гастроэнтерологтың өлімі: сотталушы дәрігер жұмысына шағымданбады

0
823

22 қарашада сотқа өлтірілген дәрігердің жесірі келді. Ол өтемақы ретінде 105 миллион теңге талап етті.


Алматыда гастроэнтерологтың өлімі: сотталушы дәрігер жұмысына шағымданбады

ERNUR.KZ. Желтоқсанның 20-сы күні Алматыда белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковтың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Өлтірілген дәрігердің әріптесі сотталушымен кездесуі туралы айтып берді, деп жазады zakon.kz.

Куәгердің айтуынша, сотталушы Юрий Шумковтың жұмысына шағымданбаған.

"2 ақпанда Юрий Петрович маған телефон соғып, науқасты тексеруге көмектесуімді өтінді. 3-і күні олар зерттеу жүргізді. Екінші рет наурыз айында кездестім. Сосын өзім қарадым. Эрозияны таптым. Сосын барды, кеңес алу үшін Юрий Петровичке", - дейді іс бойынша куәгер.
Бүгінгі сот отырысында куәлардың айғақтарын тыңдаумен қатар, сарапшылардың қорытындыларымен танысу күтілуде.

Белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумков 2022 жылы 4 сәуірде Алматыдағы көлік тұрағында өлтірілді. Кейін полиция қылмыскердің науқас екенін анықтап, дәрігерге бірнеше рет барған.

22 қарашада сотқа өлтірілген дәрігердің жесірі келді. Ол өтемақы ретінде 105 миллион теңге талап етті.