Алматыда иесіз иттерді чиптейтін болды

0
855

Жануарлар туралы ақпарат дерекқорға енгізіледі.


Алматыда иесіз иттерді чиптейтін болды

ERNUR.KZ. Алматыда қаңғыған жануарларды зарарсыздандырып, чиптейтін болады, деп жазады inbusiness.kz

Ветеринарлардың пікірінше, бұл жұмыс оларды азайтуға және нақты санын анықтауға көмектеседі.

Жануарлар туралы ақпарат дерекқорға енгізіледі. Жыл басынан бері қалада 14,5 мың иесіз жануар ұсталды. Үш мыңға жуық адамды ит қапқан. Ауыр жарақат алған адам тіркелген жоқ. Құтырған ит те анықталмаған.

"Ит қабу фактісі жыл сайын азая түскен. 2019 жылы - 4800, биыл 3600 жағдай тіркелді", - деді ветеринарлық қызмет басшысы Адис Сейдахматов.