Алматыда ірі жол апаты болды: зардап шеккендер бар

0
595

Volkswagen маркалы каршеринг автомобилінің жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатып, жол жиегінде тұрған бірнеше көлікке соқтығысқан.


Алматыда ірі жол апаты болды: зардап шеккендер бар

ERNUR.KZ. Алматыдағы Абай көшесінде қыркүйектің 21-нен 22-сіне қараған түні ірі жол апаты болды, деп жазады zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Volkswagen маркалы каршеринг автомобилінің жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатып, жол жиегінде тұрған бірнеше көлікке соқтығысқан.

Негізгі соққы Lada Priora көлігіне тиген, жүргізуші мен жолаушы ауыр жарақат алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, көлікті жас жігіт жүргізген. Оны полиция ұстады.

Апат салдарынан кемінде төрт адам зардап шекті.