Алматыда із-түзсіз жоғалған 15 жастағы жасөспірім өлі күйінде табылды

0
548

Алматыда 2007 жылғы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетіп, арада бірнеше күн өткеннен кейін өлі күйінде табылды.


Алматыда із-түзсіз жоғалған 15 жастағы жасөспірім өлі күйінде табылды

ERNUR.KZ. Тиісті сараптама барысында денесінен зорлық-зомбылықтың белгілері анықталған, деп жазады exk.kz.

Алматыдағы Медеу аудандық полиция бөліміне 15 жастағы баланың жоғалғаны жайлы арыз 23 маусым күні түскен. Бірден іздеу шаралары қолға алынып, жасөспірім ықшам аудандардың бірінен табылып отыр.

"Саяжайлардың бірінен С. есімді азаматтың денесі табылды. Сараптама нәтижесінде зорлық-зомбылық белгілері тіркелді. Дереу іздеу шаралары нәтижесінде күдікті қолға түсті", деді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Анық болғандай жасөспірімді 2006 жылы туылған Р. есімді танысы жазым еткен. Күдікті мұндай қадамға арада туған келіспеушіліктен барғанын мойындады.

Қазіргі таңда сараптама тағайындалып, сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде.