Алматыда қару асынған ер адам жұрттың үрейін ұшырды

0
369

Алматының Алатау ауданындағы Дарабоз ықшамауданында атыс болды.


Алматыда қару асынған ер адам жұрттың үрейін ұшырды

ERNUR.KZ. Қару асынған белгісіз ер адам атыс шығарған, деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға туралы куәгерлер хабарлады, тұрғындар қара киім киген ер адам аулада қару асынып жүргенін байқаған. Кейінірек атыс даусы естілген видео таралды.

Сәлден кейін ер адамды полицейлер ұстағаны түсірілген видео пайда болды. Оқиға орнына арнайы жасақ жеткені белгілі болды.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Полиция мәліметінше, сағат 22.00 шамасында 102 пультіне Алматы қаласының Алатау ауданының жеке секторында жүрген қарулы ер адам туралы хабарлама келіп түскенін хабарлады. Қазіргі уақытта патрульдік полиция мен арнайы жасақ күштері айыпталушыны ұстау және басқа да мән-жайларды анықтау үшін шаралар қабылдап, ер адам ұсталғаны хабарланып отыр. Ер адам неге атыс шығарғаны белгісіз.

Сондай-ақ, полицейлердің мәліметінше, атыстан ешкім зардап шеккен жоқ.