Алматыда қарумен жүрген белгісіз адам ұсталды

0
630

Алматы Полиция департаменті өкілі осы жайтқа қатысты пікір білдірді.


Алматыда қарумен жүрген белгісіз адам ұсталды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Алматыда белгісіз адамдар қарумен жүргені көрінетін видео пайда болды. Алматы Полиция департаменті өкілі осы жайтқа қатысты пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

"Бұл дерек бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері 1997 жылы туған ер адамды ұстады. Дерек соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Бірқатар тергеу әрекетінен кейін соңғы процессуалдық шешім қабылданады", - деді Алматы полициясы өкілі.