Алматыда Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы өкілдерінің кездесуі өтті

0
1 188

​Қазақстанның ұйғыр жұртшылығы Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі еліміздің жетістіктерін атап өтті.


Алматыда Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы өкілдерінің кездесуі өтті

Алматыда Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы өкілдерінің кездесуі өтті.

Кездесу Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өтті. Нәтижелі пікір алмасу болып, өзекті мәселелер талқыланды. Қазақстанның 1991 жылыМемлекеттік Егемендік алуы - этносаралық қатынастарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашқаны атап өтілді.
Кездесуге ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді мүшелері, ғылыми-шығармашылық зиялы қауым, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Айта кетейік, ұйғырлардың республикалық мәдени орталығы – Қазақстан халқы ассамблеясына қарасты Қазақстан ұйғырларын біріктіретін жалғыз ұйым.
Іс-шараның модераторы, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі және ұйғыр республикалық мәдени орталығының төрағасы Ш. Нұрымов:
«Қазақстан халқы ассамблеясы ұйғыр этносының туған мәдениетін сақтауға, сондай-ақ Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған Қазақстандағы этносаралық келісім қағидаттарын дамытуға жәрдемдеседі. Қазақстан ұйғырлары, әдетте, үштілді. Ана тілінен басқа мемлекеттік қазақ және орыс тілдерін жақсы біледі».
Шаймардан Нұрымов республиканың 15 өңірінде ел ұйғырларының бірыңғай қоғамдық бірлестігіне кіретін этномәдени бірлестіктер жұмыс істейтінін айтты. Қазақстанда ұйғыр тілінде оқытатын мектептер жұмыс істейді, әлемдегі ең ірі ұйғыр газеттерінің бірі "Ұйғыр авази" шығарылады. Елімізде К.Кожамияров атындағы Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры жұмыс істейді.
Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан ұйғырларының барлық өңірлік этномәдени бірлестіктерін білдіретін қоғамдық бірлестік ретінде, республикалық мәдени орталық Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту жөніндегі сабақтастық саясатын қолдайтынын атап өтті.
Осылайша, Ш.Нұрымов Орталық еліміздегі этносаралық келісімді нығайтуға және дамытуға ықпал ететін Республикалық маңызы бар іс-шаралар өткізіп жатқанын айтты. Мысалы, "Рухани Жаңғыру" аясында Орталық ұйғырлардың мәдени мұрасын сақтау және дамыту бойынша жұмыс жүргізіп, ұйғыр тағамдарының тарихи атауларын жаңғырту бойынша жобаны іске асырады, латын қарпіндегі ұйғыр әліпбиінің нұсқасын жасау мәселесін де бастап, пысықтауда.
Іс-шараның маңызды бөлігі "Бейбітшілік пен келісім жолымен" фильмінің тұсаукесері болды. Оның авторы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, "Qazaq TV" телеарнасының директоры Майя Бекбаева болды. Фильмде еліміздің барлық өңірлері бойынша бірегей телевизиялық экспедицияның кадрлары мен тарихы, Қазақстанның полиэтникалық қоғамы тарихының негізгі кезеңдері көрсетілген.
Сонымен қатар, кездесуде "Ұйғыр Авази" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Ершат Асматов, Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Кайрыев баяндама жасады. Олардың сөз сөйлеулерінің тақырыптары Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі табыстарына, сондай-ақ білімді және бәсекеге қабілетті қазақстандық жастарды қалыптастыру мәселелеріне арналды. Олар Қазақстанның Тәуелсіздігі халыққа конфессияаралық және этносаралық келісім саясатының нақты жетістіктерін сезінуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
Анықтама ретінде: Қазақстан ұйғырлары – мәдениеті бай түркітілдес этностардың бірі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Қазақстандағы ұйғырлардың саны 278 869 адамды құрайды. Олардың басым бөлігі Алматы облысының (160 801 адам) және Алматы қаласының (106 253 адам) аумағында тұрады.