Алматыда қоғамдық бастамаларға белсене атсалысқан мектеп түлектеріне тегін білім гранты табыс етілді

0
834

Олар «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі атанды.


Алматыда қоғамдық бастамаларға белсене атсалысқан мектеп түлектеріне тегін білім гранты табыс етілді

ERNUR.KZ. Бүгін «Жас Отан» Жастар қанаты мектеп бітіруші алты түлекке жоғары оқу орындарының грантын табыстады, деп жазады Almaty.tv.

Бұл көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан және қоғамдық бастамаларға белсене атсалысып жүрген жастар үшін Алматы қаласының бес жоғары білім беру орны мен бір мемлекеттік колледжінде тегін оқуға мүмкіндік бермек.

Игі шараға Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Қазақ Ұлттық аграрлық және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, сондай-ақ, Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі демеушілік жасап, әлеуметтік серіктестік негізінде қолдау көрсеткен. Айта кету керек, жеңімпаздар бұған дейін «Еріктілер» қатарында болған. Ал, бүгінгі іс-шара барысында «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі атанды.

«Осы «Жас Отан» жастар қанатына мың да бір алғыс. Үміттерін ақтаймын деп ойлаймын. Уәде беремін. Жалпы осы ерікті болып істеп жүрмін. Әлі де істеймін деп үміттенемін. Біз Арысқа бардық. Ол жерде құрылыс материалдарын түсірдік. Мақтааралда 70 тонна гуманитарлық көмекті түсіріп, көмектестік», – деді грант иегері Әлібек Мейілханов.