Алматыда қоғамдық тамақтану орындарында ішімдік сатуға тыйым салынды

0
796

12 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы қаласында 149 ірі және орта супермаркеттердің 120-сы жұмыс істейді.


Алматыда қоғамдық тамақтану орындарында ішімдік сатуға тыйым салынды
ERNUR.KZ. Алматыда бүгінен бастап сауда, қоғамдық тамақтану, базарлар, жанармай-жағармай құю бекеттері, өнеркәсіп орындары жұмыс істейді, деп жазады ҚазАқпарат.

12 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы қаласында 149 ірі және орта супермаркеттердің 120-сы жұмыс істейді. Тәртіпсіздік барысында ірі сауда желілерінің 31 объектісі зардап шекті. Бүгінде 52 сауда базары жұмыс істейді. Базарлар арасында зардап шеккен нысандар анықталған жоқ.

220 жанар-жағармай құю бекетінің 127-сі кестеге сәйкес жұмыс істеп жатыр. 13 қаңтардан бастап қосымша 33 желілік емес жеке ЖЖҚБ ашу жоспарда. Жанар-жағармай құю бекеттерінің 74 нысаны зардап шекті, оның 14-і қалпына келтірілді.

Қалада 93 ірі сауда объектісі бар. 11 қаңтардан бастап алтауы жұмысын бастады. «Глобус», «Спутник», «Ритц палас», «Алма-Ата», «Гранд парк», «Алматы молл», сондай-ақ 60 сауда орталығы іске қосылды.

12 қаңтардан бастап 8 сауда орталығы жұмыс істейді. Атап айтар болсақ, «Достық плаза», «Мега парк», «Мега Алма-Ата», «Атакент молл», «Март», «Силкуэй сити», «Алатау».

17 нысан «Мәскеу», «МБО», «Азия парк», «Алмалы», «Максима», «Асыл», «Нұр», «Алма-Ата», «Арена», «Домиллион», «12 ай», «Променад», «Пассаж», «Мегатау», «Мерей», «Мобил», «Сити центр» сауда үйлерізардап шекті. Олар қайта жаңартылуға жатады. «

«Есентай молл», «Форум» СОСО қаладағы жағдайдың тұрақтануын күтуде, содан кейін келушілер үшін ашық болады.

Бүгінгі күні 3,2 мың қоғамдық тамақтану объектілерінің 1,5 мыңы жұмыс кестесімен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай- ақ ол жерде төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін спирттік ішімдіктерді сатуға тиым салынды.

39 қоғамдық тамақтану нысаны зардап шекті.

Бүгінде 120 кәсіпорынның 82-і жұмыс істейді.

19 қаңтарға дейін 38 кәсіпорынды іске қосу көзделген.