Алматыда қойма өртенді: Өртті сөндіруге авиация жұмылады

0
757

Түркісіб ауданындағы Бекмаханов көшесіндегі ғимаратта ірі өрт шықты


Алматыда қойма өртенді: Өртті сөндіруге авиация жұмылады

ERNUR.KZ. Алматыда шыққан ірі өртті сөндіру үшін авиация тартылады, деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство ақпараты бойынша, 600 шаршы метр аумақта мототехниканы сақтайтын қойма жанып жатыр.

"Авиацияны дайындап жатырмыз!"- деп хабарлады ТЖД өкілі.



Еске салайық, Түркісіб ауданындағы Бекмаханов көшесіндегі ғимаратта ірі өрт шықты. Бұған дейін макулатурасы бар қойма өртеніп жатқаны хабарланған.


Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан видеолар тарап жатыр. Түтін қаланың түрлі бөлігінен көрінеді.