Алматыда қойма өртеніп жатыр

0
832

Өрт сөндірушілер сол жерде, қосымша күштер тартылып жатыр.


Алматыда қойма өртеніп жатыр

ERNUR.KZ. Алматының Жетісу ауданында қойма өртеніп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«18 шілде күні 07:45-те Алматы қалалық ТЖД «101» пультіне Жетісу ауданы, Омаров көшесі, 12в/1 мекенжайында орналасқан қойма өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер сол жерде, қосымша күштер тартылып жатыр. Толық ақпарат кейінірек хабарланады», - деді Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Өртті сөндіруге 43 өрт сөндіруші және 15 техника жұмылдырылған.