Алматыда Көктөбенің баурайы өртеніп жатыр

0
683

Өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылған.


Алматыда Көктөбенің баурайы өртеніп жатыр

ERNUR.KZ. Алматы қаласының ТЖД басшысы Серік Әубәкіров Көктөбеден шыққан өртке қатысты пікір білдірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Көктөбеде шыққан өртті сөндіріп жатырмыз. Жел мен өрт шыққан жердің биікте және жолдардан алыс болуы жағдайды қиындатып отыр. 30 адам мен 6 техника жалынды ауыздықтауға жұмылдырылған», - деді Серік Әубәкіров facebook парақшасында.

Сондақ-ақ, өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов растады.

Көктөбе баурайындағы өрт туралы фото мен видео Instagram-дағы Kris.p.almaty парақшасында жарияланған.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет