Алматыда қоқысты тағамға ауыстыратын акция басталады

0
349

Алматылықтар қоқысты арнайы орындарға апарып купондарға айырбастап, пицца, гамбургер, кофе және донерді сыйға ала алады.


Алматыда қоқысты тағамға ауыстыратын акция басталады

ERNUR.KZ. Мегаполисте 15 сәуір күні «Қоқысты кофе/снэкке айырбаста» науқаны басталады, деп жазады baq.kz.

Алматылықтар қоқысты арнайы орындарға апарып купондарға айырбастап, пицца, гамбургер, кофе және донерді сыйға ала алады. Қатысушыларға макулатура, пластикалық бөтелкелер, алюминий банкалар, шыны бөтелкелер сынды қайта өңделетін заттардың белгілі бір мөлшерін өз бетінше жинау ұсынылады.

Бұдан әрі жоғарыда аталған материалдар қайталама шикізатты қабылдау пункттеріне келесі мекенжайлар бойынша тапсырылады:

№ Қабылдау пункттері
1 Ecosen Байзақов көшесі, 73/1
2 Ecosen Розыбакиев көшесі, 247/3
3 Ecosen Нұркент шағын ауданы, 7/1
4 Kazakhstan Waste Recycling Тимирязев көшесі, 81/3 дүңгіршек
5 Kazakhstan Waste Recycling 8-ші шағын ауданы, 58а
6 Kazakhstan Waste Recycling Самал-1 шағын ауданы, 32 дүңгіршек
7 Kazakhstan Waste Recycling Ақсай-3 шағын ауданы, 1а/1

Қайта өңделетін заттарды мына шартпен купонға айырбастауға болады:

- Кофеге айырбастау үшін 5 кг макулатура (қағаз, картон);
- Гамбургерге 3 кг пластикалық бөтелке (ПЭТ бөтелкелері);
- Донер немесе додстерге айырбастау үшін 1 кг алюминий банка;
- Пицца купонына 10 кг шыны бөтелке.
Науқанқа – Salam Bro, DodoPizza, Gippo, Degirmen фаст-фуд желілері қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.