​Алматыда көлік шұңқырға түсіп кетті

0
1 567

Алматыда көлік жөндеу шұңқырына түсіп кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Алматыда көлік шұңқырға түсіп кетті

ERNUR.KZ.Алматыда көлік жөндеу шұңқырына түсіп кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, автокөлікте екі жігіт пен үш қыз болған. Олар өздігінен көліктен шыға алмағандықтан, оларға апат болған маңдағы адамдар көмектескен. Кейін барлығы ауруханаға жеткізілді.

Toyota Camry автокөлігі Төле би көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Әйтиев көшесінің қиылысында қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жердегі шұңқырдың біріне түсіп кеткен.

Тежеу қашықтығы 43 метрге созылған, осыдан-ақ, жылдамдық шегінен асып кеткенін байқауға болады. Жастардың үлкен жылдамдықпен келе жатқанын куәгерлер де растап отыр.