Алматыда көлік жасөспірімді қағып кетті: 16 жастағы жігіт көз жұмды

0
618

Бала жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам жасыл жанғанда өте бастады.


Алматыда көлік жасөспірімді қағып кетті: 16 жастағы жігіт көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматыда жасөспірімді көлік қағып кетті, деп жазады stan.kz.

Бала жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам жасыл жанғанда өте бастады. Алайда жүргізуші қызыл белгіде тоқтамай, жаяу жүргіншіні қағып кетті.

16 жастағы жасөспірім ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, марқұмның туыстары жүргізушіні ұрып-соғып, оның көлігін сындырған. Өлім апатына күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды.

“ҚІЖК-нің 128-бабы тәртібінде жүргізуші ӘТҚ-ға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша басталды”, – деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.