​Алматыда көлікке ағаш құлап, екі адам мерт болды

0
2 009

Оқиға «әуежай» айналымы мен мен «Красный поле» арасында болды. Nissan Primera көлігі қалаға қарай бағыт алған, көліктің үстіне ескі құрғақ ағаш құлап түскен.


​Алматыда көлікке ағаш құлап, екі адам мерт болды

фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Құлжа тас жолында төтенше жағдай орын алып, салдарынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға «әуежай» айналымы мен мен «Красный поле» арасында болды. Nissan Primera көлігі қалаға қарай бағыт алған, көліктің үстіне ескі құрғақ ағаш құлап түскен.

Ағаштың ауыр діңгегі көліктің төбесін жұлып түсіп, жүргізуші мен жолаушыны басып қалған. Екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Көлік серпінмен 200 метрдей жүріп жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған.

Оқиға орнында полицейлер мен басқа да жедел қызмет көрсету өкілдері жұмыс істеуде.