Алматыда коммуналдық қызметте істейтін жұмысшы көлік астына түсті

0
748

КамАЗ-дан секіріп түскен ер адамды көлік қағып кеткен.


Алматыда коммуналдық қызметте істейтін жұмысшы көлік астына түсті

ERNUR.KZ. Алматыда коммуналдық қызметте істейтін жұмысшы көлік астына түсіп, көптеген жарақатпен ауруханаға жатқызылды, деп жазады sputniknews.kz.

Жол апаты Тілендиев және Шәкәрім көшелерінің қиылысында болған.

Volkswagen Passat солтүстік бағытта Тілендиев көшесімен кетіп бара жатады. Шәкәрім көшесімен қиылыста қаланы тазалау жұмыстарына пайдаланылатын КамАЗ тоқтап тұрған.

Куәгерлердің айтуынша, жұмысшы КамАЗ-дан секіріп түскен кезде, Volkswagen Passat көлігінің үстіне құлаған.

Volkswagen Passat тұрақта тұрған Nissan Cefiro көлігін де қағып кетеді.

Жұмысшы көптеген жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жол полициясы қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.