Алматыда көпбалалы аналардың аллеясы пайда болды

0
692


Алматыда көпбалалы аналардың аллеясы пайда болды

фото: inalmaty.kz

ERNUR.KZ. Демалыс күндері Жас-Қанат ықшамауданында 250 ағаш отырғызылды, деп жазады baq.kz.

Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров демалыс күндері Жас-Қанат шағын ауданында 250-ге жуық ағаш отырғызылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ көпбалалы отбасылардың атсалысуымен «Бақытты отбасы» аллеясы пайда болған.

Орталықтың қамқорлығындағылар көктем кезінде Наурыз мейрамына және күз кезінде 31 қазанда жыл сайын осында гүлдер мен ағаштар отырғызу туралы шешім қабылдады. Болашақта шағын ауданның балабақшасының артындағы бос орынды толыққанды саябаққа айналдыру жоспарда бар, - деді аудан әкімі.

Жалпы, маусым басталғаннан бері аудан бойынша 9500 жас ағаш отырғызылған, жыл соңына дейін тағы 33 000-нан астам ағаш отырғызу жоспарлануда. Қазіргі уақытта Кіші Алматы, Басқарасу және Есентай өзендерінде, Жас Қанат, Әлмерек және Маяк шағын аудандарында, сондай-ақ №198 мектеп ауласында көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде